ММ "Жалпы білім беретін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
0

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі алғаш рет Құрсай ауылында 1964-65 оқу жылының 25 тамызында «№25 Құрсай орта мектебі» болып ашылды. Бұған дейін Құрсай ауылында мектеп болған жоқ. Перетасканың, Құрсай мен Курилкин ауылдарының барлық балалары Ә.Жангелдин, Ломоносов атындағы орта мектептері мен №8 сегізжылдық орыс мектебіне қатынап оқитын.

Ол кезде Водников ауылы деген болған жоқ. Перетасканың бойында сонау Алғабасқа дейін, Курилкин ауылында орыстар көп болатын. Алғабасқа жақын, судың бергі бетінде «Шошқа дүкені» деп аталатын сауда нүктесі болды. Саурова деген сатушысы болды. Құрсай мектебінің салынып, пайдалануға берілгені аталмыш үш ауылдың ата-аналарын қатты куантты. Өйткені балалары оқуға енді алысқа бармай, ауылында ашылған мектепте оқитын болды. Біздер Халақов Хапсих, Асылбек, Ғабдолла Хамза, Мұхамбетов Ғайнеден, Шамаров Сәбит т.б жаңа институт бітірген жастар Гурьев Облыстық білім бөлімінің жолдамасымен Балықшы аудандық оқу бөліміне кейін, оқу бөлімінің меңгерушісі Нұрмағанбетов Құрынбайдың қолымен берілген бұйрық бойынша 16-шы тамыз күні жаңа салынып жатқан мектепке келіп, жаңадан тағайындалған мектеп директоры Құдайбергенов Бақытқа келіп жолықтық. Ақыт ағай барлығымыздың бұйрықтарымызды алып, барлығымызды Перетаска, Курилкин, Құрсай ауылдарын аралап, мектепке бала жинауға жіберді.

Сонымен қатар, 25 тамыз күні жаңа мектептің ашылу салтанаты өтетінін ескертіп, оған аудандық партия, атқару комитеттерінен басшылар келетіндігін айтып, сәнді, жақсы киініп келуімізді және өздерімізді байсалды ұстап, жас ұстаздар екендіктеріңді көрсете біліңдер деп ақыл кеңесін берді.

  • www.ertegi.ru - Сборник сказок "Казахские народные сказки"
  • www.rnmc.kz - Республиканский научно-методический центр
  • www.essay.kz - Помощь в выборе профессии, университета
  • www.kursovik.kz - Профессиональная база научных и курсовых работ
  • www.azbyka.kz - Информационно-просветительский портал "Азбука"
  • www.45minut.kz - Сайт научно-образовательных трудов учителей
  • www.kaz-tili.kz - Изучение казахского языка (грамматика)
  • www.moi-mir.kz - Справочник "Гармоничное развитие детей"
  • www.matematik.kz - Сайт математиков на казахском
  • www.biografia.kz - Биография известных людей Казахстана (справочник)
  • obrazovanie.kz - Журнал "Современное образование"
  • www.univision.kz - Обзор вузов, институтов Казахстана
  • www.postupionline.com - Информационный портал для поступления в вузы
  • www.uchi.kz - Образовательное сообщество Казахстана
  • www.bolashak.kz - Образование по программе «Болашак»