Created: 27 Мамыр 2019
68

Мектебімізде қамкоршылық кеңес құрылды.

 Үндеу хат!

 Құрметті: Жүрегі жомарт,жаны жайсаң жерлестер,мектеп түлектері!

 Халқымызда:«Туған жер ешнәрсе жоқ, сенен ыстық,

 

Cебебі,сенде туып,сенен ұштық,- деген қанатты сөз бар.

 

Туған жердің әр түлегі қай жерде ,қандай қызметте жүрсе де, атамекен-алтын бесігін бір сәт естен шығармай,оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз.Өйткені азамат бойындағы дарын,қабілет,тектілік секілді абзал қасиеттер ананың сүті,әкенің қаны,туған жердің топырағынан дариды.

 

Ал,сіздердің туған жерлеріңіз-қасиетті де,киелі жер-Ырғыз өңірі.

 

Бұл-баршамызға ерекше мақтаныш,мерей.

 

 

Биылғы оқу жылында мектебімізде қамкоршылық кеңес құрылды.2017жылы 17 шілдеде БжҒМ-нің №355 санды бұйрығымен бекітілген. Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты оқу–тәрбие үрдісін дамыту,білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету,материалдық –техникалық базаны дамыту болып табылады.Казіргі таңда қамқоршылық кеңестің мектеп бойынша өз есеп шоты ашылды.

 

Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынов:

 

«Елім дейтін ұл болмаса,ұлым дейтін ел қайдан болсын» -деп ұрпаққа ұлағат қалдырған еді.Мектебімізді көркейтуге,әлеуметтік мәселелерді шешуге қол ұшын беріп, ат салысыңыздар екен дейміз.

 

Қайда жүрсең атамекен

 

«Көкейіңде жатады екен»-деп, ақын жырлағандай, әрдайым жүректеріңіздің түкпірінде жататын,шет жүргенде сағынатын туған жерді көркейтіп, гүлдендіруге Ырғыз жерінің өздеріңіздей аяулы перзенттері патриоттық құлшыныспен үлес қосады деп сенеміз!

 

Қашанда бірге болайық!

 

 

Байланыс телефондары:  8/71343/21213

                                            87085400574

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-нің қамқоршлық

кеңесінің есеп шоты.

 

 

KZ.870704034644828001