Created: 24 Мамыр 2019
130

Еңбектері елге елеулі – ардагерлер

 

Бірнеше ұлағатты ұстаздар, мектеп басшылары  ардагер мұғалімдер еңбек еткен, бүгінде 50 жылдан  астам уақыт ауыл балаларын білім нәрімен сусындатып келе жатырған бұрынғы Құрсай  қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп  тарих шежіресіне толы. Өзім еңбек жолымды 1987 жылы қыркүйек айында осы мектепте жалғастырғанда мектеп басшысы Шанауов Сұңғат ағай болатын. Мектеп  оқушылары мен ұстаздарының нәтижелі еңбектері жоғарыдан көрініп, түрлі көркем-өнерпаздар сайыстарының жүлдегері атанса, мектепті күміс медальмен Мұқашева Бақтыгүл бітіріп, мұғалімдер мерейін арттырды. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарда Құрсай орта мектебі, белгілі педагог –ағартушы Ы.Алтынсариннің  есімі беріліп, мектеп ұжымы үлкен міндеткерліктерді иеленді.

1993-2008 жылдары мектебімізді ҚР Білім беру ісінің үздігі, еңбекқор Нәсіп Қалимолдақызы Қанатова басқарған уақытта ел тәуелсіздігінің алғашқы қиыншылық жылдарында  мектеп ұжымын біріктіріп, біліммен тәрбие істері жүйелі  жүргізу  жұмыстарын  атқара білді. Талапшыл , адал, өз уақытын балалардан аямаған, көп жылдар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған Тажиденов Рамазан ағай, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Амирова Миға, қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімдері  Қалиева Ғазиза, Ерниязова Мағрипа, бастауыш сынып мұғалімі Борашева Жайсан, Әлмұқашева Зияш, Омарғалиева Саясат және мектеп кітапханашысында еңбегі ерен Жексенова Күләш апайлар мектеп абройын арттыруда еңбектері жемісті болды.

Осы жылдарда мектептің ашылуының 30 жылдығы  аталып өтіп, мектептен шыққан түлектер  мектептің ашық, жарық әдемі болуына, ескі  ғимаратты жөндеу жұмыстарына үнемі қатысып қол ұшын берген Есқалиев Нұрлан Өмірше ұлын, Ғалымжанова Маржан сияқты шәкірттерді де  мақтанышпен айтуға болады.

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланып отырған бүгінгі күндері мектебіміз жаңа ғимаратпен жаңартылып, іші оқу-тәрбие жұмыстарына ыңғайлы, бірнеше пән кабинеттерімен, интерактивті  тақтамен,  бірнеше сынып компьютермен, жаңа технологиямен жабдықталған.

Қазіргі таңда да мектептегі пән олимпиадалары мен оқушылардың ғылыми жұмыстарына дайындықты теңгертуде , білім сапасын арттыруда өз  білімдерін  әлі де құйып келе жатырған  ардагер ұстаздар ортамызда. Олар орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кубашева Фатима Қайырғалиқызы, Хансұлтанова Салтанат Пазылқызы,  математика пәні мұғалімі Ембергенова Сандуғаш Сақтағанқызы,

физика пәні мұғалімі Қожантаева Алуа, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хабиева Орынтай Анирқызы , еңбек сабағының мұғалімі Қайырлиев Серікбай.

 

«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ , ал ұрпақ болашағы тәрбиелі мұғалім қолында» деп Елбасының айтқанындай ардагерлер ісін жалғастырып, кейінгі орта жас буын ұстаздар  да мектеппен ата-ана мақтанышы. Олар:  Аталықова Райхан, Абденова Алма, Қосубаева Жаннат, Қашауова Гүлжан, Ахметова Лиза, Жарбусинова Күнжамал.

 

«Балдәурен» оқушылар хоры.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған

«Ерлікке тағзым» атты хор байқауы. Бас жүлде

Мектеп өнерпаздары.

Мың бұралған бишілер