Created: 24 Мамыр 2019
130

Бар білімнің қайнар көзі-кітапхана

Мектеп кітапханасы –мектептің бір бөлімі,сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі оқу-тәрбие жоспарына  негізделеді.Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшелігі,ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін,жаңа  кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр-түрлі кітапханалық іс-шараларды өткізу негізінде  оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектеседі.Оқырмандардың рухани құндылығы мен адами құндылығын мол етіп  тәрбиелеу жолдарының бірі –кітап оқуға баулу. Кітап өз оқырманның жан-жақты тәрбиелеумен бірге танымдық,білімдік қасиетін  дамытары анық.Ол үшін электронды ,ақпарттық қорлардың жиналуын,сақталуын және тиімді қолданылуын қамтамсыз ету,кітапхана қорымен жұмыс жасата білу.

Мектеп кітапханасында

Оқу залы- 15 орындық

Абонемент залы -1

Оқулық сақтайтын бөлме бар.

Мектеп кітапханасы талапқа сай безендірілген.

Мектеп кітапханасының жалпы көлемі: 134,138 м2.Мектеп кітапханасының   кітап қоры - 25995дана.Оның ішінде оқулықтар-12743, әдістемелік  оқу құралдары – 1126,электронды оқулық-210,дәптерлер мен брошюралар-7416, көркем әдебиет - 4500 дана.

Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етуде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы  №400 бұйрығын басшылыққа ала отырып,бағдарлама бойынша рұқсат етілген «Атамұра, Мектеп» баспаларынан шыққан оқулықтармен оқиды. Биылғы оқу жылында:Атамұра,Мектеп,Білім,Аруна,Арман-ПВ,Жазушы,Келешек,Алматы баспаларынан шыққан жаңа буын оқулықтары 5,6,7,11 сыныптарға және 1,2,3 сыныптарға ағылшын тілі оқулықтары мен дәптерлері,

Кембридж оқулықтары1,2 сыныптарға келіп мектеп кітапханасының қоры толыға тусті.Осы оқулықтардың барлығы алдымен №173 бұйрық бойынша бірінші кезекте толық емес отбасы балаларына,бала кезінен мүгедек балалар,мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасының балалары, және үйден оқитын оқушыларға түгел оқулықпен қамтамасыз етіледі. Мектеп бойынша оқулықтар жекілікті жетпеген оқулықтарды ата-аналар көмектеседі.

1- қыркүйек «Алғашқы қоңырау»салтанатты жиында Елбасы Ә.Н.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» атты сыйлық кітабы 1-сынып оқушыларына табысталып мектеп оқушылары мен ата-аналарын үлкен қуанышқа бөледі.Барлық сынып оқушылары оқулықтарымен  толықтай қамтамасыз етілді.

Кітапхана жұмыс жоспарын жоспарлағанда  көркем әдебиетті көп насихаттауға көңіл бөлеміз.Кітапханада үнемі тұрақты кітап көрмелері бар.Олар:  «Атырау-құт мекенім», «Әлем таныған Қазақстан », «Қазақтың Ұлы тұлғалары», «Алаш рухы асқақтады», «Кітап- рухани құндылық», «Сенің өмірің сиқырлы әлем». Жоспарға сай «Отбасы құт мекенім», «Еңбек ер атандырады», «Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды. 2015жылдың наурыз

айында «Армысың-Әз Наурыз» атты тәрбиелік шара кітапхана ішінде өтіліп,оған 5-6сынып оқушылары қатысты.

 

2015жылдың 23 сәуірінде  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Кітапхана -білім мен ақпарат қазынасы»атты қалалық мектеп кітапханашыларының  оқыту семинары өтті.Семинарда 7 сынып жетекшісі Қашауова Гулжанның  басшылығымен 7 сынып оқушылар«Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс»(Ұлы Жеңістің 70 жылдығына )атты тәрбиелік шара ұйымдастырылды.

 

 

22 қыркүйек «Тілдер күніне»орай өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестімен бірлесе «Рухы биік асқақ тіл» атты кітап көрмесі 5-6 сынып оқушыларына таныстырылды.  Биылғы оқу жылында қалалық « Қалалық мектеп кітапханашыларының олимпиадасы » сайысына мектеп кітапханашысы Жуманалиева Шынар қатысып,жүлделі 1орын алып,облыстық сайысқа жолдама алды және  25 қарашада өткен облыстық сайысқа қатысып, жүлделі 3 орын алды. Мектеп кітапханашысы Жуманалиева Шынар  8б сынып оқушыларымен бірге  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты мектепішілік тәрбиелік шара өткізді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты өткен мектепішілік тәрбиелік шарада «Тәуелсіздік -тірегім» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

 

 

 

11 желтоқсанда қалалық «Үздік жыл оқырманы» сырттай байқауы  ұйымдастырылып, байқауға  6б сынып оқушысы Жексенбаева Гулбану қатысты.

 

 

 

   Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты сауатты да салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер  білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – мектеп кітапханасының алар орны ерекше.Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады.Бүгінгі мектеп кітапханасы өз уақытының деңгейінде болып, мектептің дамуына атсалысып, балалар мен жеткіншектерге білім беруде белсене көмектесуде.  Кітапханашы оқырманға кітапханалық қызмет көрсетеді.Кітапхана жұмыс жоспарын жоспарлағанда  көркем әдебиетті көп насихаттауға көңіл бөлеміз.Қазақстан ақын-жазушыларының мерей тойларына арнап түрлі тақырыптарға, атаулы, даталы күндерге арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады. Осы  көрмеге қойылған кітаптар жөнінде өткізілген библиографиялық шолу ,әңгіме оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы артады.«Билерден қалған аманат», «Ертегілер еліне саяхат», «Ана тілі-ажарым» , «Алтын  жүректі-ана»атты тақырыбында көрмелер  ұйымдастырылды.

    

«Мәңгі өлмес-жырменен  із қалдырған» -деген тәрбиелік шара ұйымдастырылды.Мұқағали Мақатевтың 85 жасқа толуына орай.Тәрбиелік шара 8-9 сынып аралығында өтті.

 

 

 

 

«Ғылымға нұр сәуле шашқан»,  «Елбасы жолдауы ерліктің арқауы» көрмелері жасақталған . Жыл 8 бағыт бойынша  тәрбиелік жұмыстар мен шараларға жоспар жасақталған.Мектептің тәрбиелік жұмысын ұйымдастырушылар психологтар,тәлімгерлер,сынып жетекшілері,кітапханашылар оқушылармен бірлесіп көптеген шаралар өткізуге атсалысады.