Created: 24 Мамыр 2019
137

Мектеп әкімшілік құрамы

Туған жылы: 1965 жыл

Білімі : Жоғары

Аяқталған оқу орны: ГПИ химия-биология пәні мұғалімі

Стажы: 29 жыл

Еңбектегі жетістіктері:

1.     «Жыл мұғалімі-2006» алғыс хат

2.     «Жыл мұғалімі-2007» алғыс хат

3.     Қалалық пед.оқу-2007, IIIорын

4.     Қалалық пед.оқу-2008, Iорын

5.     Облыстық пед.оқу-2008,IIIорын

6.      Қалалық кәсіподақ ұйымы-«Грамота»

7.     «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы-Алғыс хат

8.     Қалалық білім бөлімі-2010 құрмет грамотасы

9.     «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Құрмет грамотасы-2013»

10.   Республикалық «Химия мектепте» журналы «Білімді мыңды жығар» сабағы

11.   Республикалық «Орта мектеп жаршысы» журналына «Оттегі. Оксидтер. Жану» сабағы жарияланды

(новоть)

БАЯНДАМА: «БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БЕЛСЕНДІ ЕНГІЗУ»

 

Жаңа технология – сапалы білім кепілі

Абденова  Алма  Жаңабайқызы

Атырау қаласы,

Ы.Алтынсарин  атындағы  орта  мектебінің

директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары

 

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, міндеттер жоғарғы оқу орны оқытушыларына да қойылуда. Сондықтан оқытушы іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру–бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы.Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі.«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі -жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалану тимділігі орасан зор. Сондықтан мүмкіндіме қарай сабақта ақпараттық құралдар мен электронды оқулықты жиі қолданамын.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультемедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар: 
-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; 
-Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
-Этнопедагокикалық тәрбие береді;
-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; 
-Оқытушының уақытын үнемдейді;
-Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді; 
Білім берудегі мұғалімдер алдындағы басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану  болып табылады.  Осыған орай ақпарттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы  2010-2020 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің  дамуының мемлекеттік бағдарламасы   жарияланып іске асырылуы үстінде.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Оқыту үрдісінде – ақпараттық технологияларды білім беру  сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікте құру еніп,  көкей тесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қазіргі таңда білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі кәсіптік білім беретін арнаулы оқу орындарында математика пәнінде жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиялық өнімдер — оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді, шешімді таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлған тәрбиелеудің – бірден бір жолы.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыру құралы. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану  студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі кәсіптік білім беретін арнаулы оқу орындарында математика пәнінде жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиялық өнімдер — оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді, шешімді таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлған тәрбиелеудің – бірден бір жолы.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыру құралы. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану  студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

 

 

 

Қосыбаева Жанат Ерболатқызы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

география пәнінің мұғалімі

Туған жылы: 1965 ж

Білімі : Жоғары

Аяқталған оқу орны: АПИ 

Стажы: 28 жыл

Еңбектегі жетістіктері:

 

1.     Педагогикалық  оқу 2003 жыл  ІІІ орын

2.     Қалалық педагогикалық  оқу 2005 жыл І орын

3.     «Нәтижеге бағытталған  білім  берудің сапасын  арттыру» VI облыстық пед.оқу   2005ж    ІІІ орын

4.     Қалалық  «Ең үздік  география сабағы» 2007ж   ІІІ орын

5.     «Ғылыми жоба-2012» Есетова С оқушысы ІІ орын

6.     Қалалық география пәні олимпиадасы мұғалімдер арасы  ІІІ орын 2013 жыл

 

Тәрбиенің негіздері жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарда

Қосубаева Жаннат Ерболатқызы
Атырау қаласы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Тәрбиенің негіздері жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар, тұлғаның еркін дамуының  басымдылықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Елбасы жолдауында атап көрсеткендей   ,жас ұрпақ санасына   ел болашағынының ірге тасын  қалайтын  ,жалпы қазақстандық мәдениетті  дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді , білімді және дені сау  азаматы қалыптастыру міндетін қойып отыр. Қазақстандық  жастар жаһандану  процесіне кірігуі  аясында қарқынды білім беру, өзара  ақпараттық және  мәдени алмасудың  белсенді қатысушысы болуда, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық  процестің негізі болып табылатын, тәрбие жұмысының басты бағыттары бойынша жұмыс жасалуда.  Жас ұрпақтың сана –сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыта отырып, оқушы бойына адамгершілік  және  азаматтық құндылықтарды қалыптастыру. Қазіргі заманғы тәрбие мен білім берудегі қоғамның және мемлекетіміздің  ең маңызды мақсаты- Қазақстанның  бәсеклесуге қаблетті , жан-жақты дамыған , рухы биік , жауапкершілігі  мол, адамгершілігі жоғары азаматын тәрбиелеу болып отыр.Осыған  байланысты  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде  8 бағыт бойынша  жұмыстар жүргізілуде. Сынып жетекшілері  тәрбие жұмысының жылдық жоспарларын оқу жылылының басында бекітеді .Оқушы  бойына адамгершілікке, имандылыққа,  ізгілікке, патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында «Менің Қазақстаным-менің болашағым» , «Менің  Отаным-Қазақстан» атты ашық сабақтар, тәрбиелік шаралар, шығармалар  сайысы өткізілді Жыл сайын  қазан айында Балықшы ауылдық округімен бірлескен, 50 ауыл қарияларына «Қарттарым аман сау жүрші» атты  қайырымдылық шарасы өткізілді, Шараға қатысушы ардагерлеріміз  бен қарияларымыз бата-тілек білдірсе, оқушыларымыз қарияларымызға жасы ұлғайған   адамдар –мемлекетіміздің  алтын қоры, дәстүріміздің сақтаушысы екенін,  қайғысыз қарттық кешуге ықыластарын білдірді. Қаламыздағы қарттар  үйімен мектебіміз тығыз байланыста, «Қарттарым-асыл қазынам» атты концертік бағдарлама қарттар мен мүгедектердің көңіл күйлерін көтеріп, алғыстарына бөленді.Қазақстан Республикасы  мемлекеттік  рәміздерді насихаттау мақсатында «Менің елімнің рәміздері», «Туым-теңдігім,Елтаңбам-елдігім, Әнұраным–айбыным», атты  тәрбиелік шаралар еліміздің егемендігі мен  тәуелсізгін паш ететін, мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасында сабақтастықтың жарқын  бейнесі, халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын ,қаһармандығы мен  даналығын көрсетеді.Оқушыларға  мемлекеттік рәміздер аса маңызды екенін,оны  құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.Елбасының  «Қазақстан-2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір салтын  қалыптастыру мақсатында «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Былғары доп –кока-кола атты аймақ аралық футбол жарысы өтті. «Әкем, шешем және мен» атты эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  «Тәуелсіздік бабалардың ұраны, бойға таққан тұмары» атты әдеби сахналық қойылым , оқушы  бойына  Отанға, туған жерге  деген  сүйіспеншілікті,өз еліміздің жетістіктерін, өркендеу жолындағы  елеулі, оқиғаларды дәріптеу, мақтаныш сезімін оятуға тәрбиелейді.Сынып  жетекшілер бірлестігінде «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру барысында функционалық сауаттылығы, заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, озық  тәжірибелер, креативті ойлар және  позитивті көзқарастар» тақырыбында сынып жетекшілер апталығы өткізілді.Апталықта тәрбиелік шаралар, интелектуалды сайыстар  тренинг, кездесу кеші, ашық журналдарды өткізуді дәстүрге айналдырдық. «Ауғанның отты жылдары» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. «Өзін-өзі  тануМахаббат пен Шығармашылық  педагогикасы» тақырыбында он күндік өткізілді. «Алтын жүректі  анамыз» тақырыбында  қабырға газеттері ,сынып сағат,сурет, қолөнер көрмесі  «Анамызға арнап ашық хаттар жазылды» Мектеп психологның ұйымдастыруымен  «Адамгершілік –адамның нұрлы шуағы» және «Дос және достық» тренинг сабақтар өткізілді.Мектептегі «Жас дарын вокал» үйірмесінен қатысушы оқушылармен «Ән көңілдің ажары» ән фестивалі өткізілді.Наурыз айында «Ана өмір шуағы   » атты ардагер ұстаздар мен кездесу шарасы өткізілді. Шараның  басты мақсаты балаға өмір  сыйлаған аналарға құрмет көрсету,елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру Ұлыстың Ұлы күні Наурыз.мерекесіне  арналған Қалалық білім бөлімі ,қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен білім  саласының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылып  « Жарқыраған жас  нұрлы ,Жаса Наурыз  дәстүрлі  атты» әдеби–сазды мерекелік шара өткізілді.Мектебімізде  мектеп инспекторы мен «Балалар үшін қауіпсіз  жол» акциясына байланысты сынып сағаттары ,тәрбиелік шаралар өткізілді.Мектеп бойынша оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын –алу мақсатында ,оқу жылының басында жоспар жасақталып «,Сенім жәшігі » орнатылды.Құқық қорғау органдары мамандарымен  кездесу ұйымдастырылып отырады.Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру мақсатында  Нашақорлық –ғасыр дерті, Нашақорлық–адамның тәуелділігі тақырыптарында баяндамалар оқылып, сынып сағаттары өткізілді.Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» мамандарымен бірлескен  жұмыстар видеофильмдер мен слайдтарды пайдалана отырып  ғылым тұрғыдан  түсінік  берілді.Қазіргі таңда ,Қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізілетін  шаралардың бірі .Басты мақсаты тұрмысы төмен, көп балалы,және жетім  ,мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға  әлеуметтік  көмек  көрсету және  қайырымдылық негізінде  мұз айдынына ,мұражайға  ,театрға апарылды. Қалалық жас натуралистер стансасының ұйымдастыруымен Жастар шығармашылығы-2016 сайысы оқушыларымыз қатысып жүлделі оралды.Ұлы Жеңістің 71-жылдығына арналған «Жеңіс күн-жылда оралар ардақты сәт» атты  қалалық  білім бөлімінің ұйымдастыруы тыл және еңбек ардагерлерді  кездесу өткізілді.Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ » ерікті  клубы жұмыс істейді.Мақсаты балалар мен жасөспрімдердің заңды тұрғыдан әрбір Қазақстан азаматының таза қоғамда өмір сүруге құқылы екендігін сезінуін, білім ала жүріп ұлттық қадір-қасиеті қалыптасқан адами тұлға болуға ұмтылуын, тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне ықпал етіу.Ұлттық құндылықтардың ұйтқысы- тәрбиелі қыз  тақырыбы бойынша «Аққу » қыздар ұйымы жұмыс жасайды. Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі тақырыбында баяндама оқылып дәрігер мамандармен кездесулер өткізілді.Ұрпағымыз иманды, халқымыз бай қуатты болсын.