Created: 24 Мамыр 2019
96

Ұстаз келбеті

Шығанақ Тұрғанбай Әбішұлы

Атырау қаласы,

 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директоры

Іс әрекетімен сүйкімді, әзіл-қалжыңы аралас жарасымды сәлемімен көңіл толтыратын, ер келбеті, ақжарқын, ажарлы жігіт ағасының  Ұстаз екенін тосын кездескен кісісіне де танытады. Ол біздің-Хамза ағай.

 

Хамза Мұхамедиярұлы Ғабдолла 1939 жылы 15 сәуірде Исатай, Махамбет,Құрманғазы,Дина туған қайран нарын топырағындағы Тұщықұдық ауылдық кеңесінде  өмірге келді. Әкесі Мұхамедияр өзі туған жылы фин соғысына кетіп, кері оралмаған,анасы Мариядан да ерте айырылған. Туған ағасы Самиғолла екеуін атасы Ғабдолла, қарт шешесі Сұлухия тәрбиелеп өсірген. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» дегендей, Ғабдолла кария көпті көрген, көп білетін, сол кездегі заман саясатын түсінген, мұсылманша да жетік оқыған сол өңірдегі ел ағасы. Атыраудағы педагогикалық жоғары оқу орнының тарих-филология факультетінің түлегі.

 

Хамза Мұхамедиярұлы-ұстаздық жолды қалап,соны меңгеру жолында еңбектену мен қатар өзінің үлгісі мен ақыл-парасаты арқылы үзеңгілес ұжымдастарына,оқытқан шәкірттеріне, ата- аналары мен жұртшылыққа ұстаздық етіп келе жатқан тұлға.Ұстаздық еткен ұзақ жылғы  уақыт оның лауазымды қызметтерімен  үкімет пен халық марапаттарына толы. Ол бір азамат атқаратын жұмысты атқарып, бір азамат арқалайтын қоғамдық жүкті арқалап  келеді. Елдің қуанышына бірге қуанып,қайғысын бөлісуі ортақ іске көпшілікті жұмылдыра білуі,барлық қоғамдық-көпшілік жұмыстардың ортасында болуы,мемлекеттік істі орындаудағы талапшылдығы оның ұстаздық тұлғасын шыңдап, азаматтық мәртебесін өсіріп келеді. Сегіз қырлы, бір сырлы» азаматтың ұстаздық жұмысы өнермен ұштасып жатыр. Өнердегі атқарған лауазымды мемлекеттік жұмысын былай қойғанда ол шебер-домбырашы, әсем әнші, болса тыңдаған сайын тыңдай бергің келе беретін әңгімеші, ұрпақ көкейінде сақталатындай тарихи оқиғалармен тұлғаларды патриоттық рухта баяндай алатын шежіреші әлі көпшілік көңіліндегі «көкейтестілерді» қозғай білетін қаламы жүйрік журналист.Ақсақал әулетінің кішілері Хамзаны «Кенже аға» дейді екен.Ал,шын мәнінде  Хамза сол әулеттің  ғана емес,алыс-жақын ағайын-туғандардың,дос-жолдастарының  әріптестерінің де ұйытқысы, ақылшысы, олардың атқарған жұмысының артығын асырмай, кемін жасырмай ортаға салып баға беретін,ойын айтатын, кіші де болса  үлкені ұстазы.Ұлы Абай айтқандай ақыл, қайрат, жүректі ғылымға жүгіндіріп, ұрпақ тәрбиесіне өзінің адал еңбегі –ұстаздғымен тәуелсіз еліміздің болашағының іргесін нығайтуға үлес қосып келе жатқан абзал азамат болса, бүгіндері Хамза пайғамбар жасына жетіп,ұзақ жылғы ауыр да жауапты,жемісі ең кеш пісетін бейнетінің зейнетін көргелі отыр. Ол өзі еккен бақтың мәуесін азық болатындай ететін жолда әлі де шаршамайды деп сенеміз.

 

Біз Хамза ағайымызбен  мақтанамыз!